about us icon Баспасөз орталығы

Жаңалықтар

news image

КВИ-ге шалдыққандардың  басым бөлігін екпе алмаған азаматтар құрап отыр – Бас санитарлық дәрігер

КВИ-ге шалдыққандардың  басым бөлігін екпе алмаған азаматтар құрап отыр – Бас санитарлық дәрігер Қазақстанда күн сайын 2,7 мыңнана аса КВИ жұқтыру жағдайы тіркеліп отыр және олардың көп бөлігін екпе алмаған азаматтар құрап  отыр, – деп мәлімдеді денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. «Қазақстанда 20 маусымнан […]

28, Шілде 2022
КВИ-ге шалдыққандардың  басым бөлігін екпе алмаған азаматтар құрап отыр – Бас санитарлық дәрігер
Қазақстанда күн сайын 2,7 мыңнана аса КВИ жұқтыру жағдайы тіркеліп отыр және олардың көп бөлігін екпе алмаған азаматтар құрап  отыр, – деп мәлімдеді денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
«Қазақстанда 20 маусымнан бері КВИ-мен сырқаттанушылықтың өсімі байқалуда. Соңғы аптада алдыңғы аптамен салыстырғанда сырқаттанушылық 1,9 есе – 8156-дан 15503 жағдайға  дейін артты. Тәулігіне КВИ+ 2700-ге дейінгі жағдайы, ал КВИ-  20 жағдайы тіркелуде», – деді вице-министр.
Әйтсе де соңғы аптада ауырып қалғандардың 70%-ы 3 өңірге – Алматы, Нұрсұлтан қалаларына және Қарағанды облысына тиесілі.
А. Есмағамбетованың айтуынша,  Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларының мысалында, ауырғандардың 80%-ы екпе алмаған немесе екпе алғанына 6 айдан асқан жандар екенін көруге болады. Бұл КВИ-ге вакцинацияның  қажет екенін тағы да нақтылап отыр.
Бүгінгі таңда КВИ-ге қарсы вакцинациямен ел халқының   56%-ы немесе вакцина алуға тиісті ересек адамдардың 80%-дан аса бөлігі  қамтылған.
«COVID-19 қарсы ревакцинация  алдыңғы вакциналар көмегімен қалыптасқан иммунитетті сақтауға және ағзаның аурудан қорғанысын күшейтуғка бағытталғанын айтқым келеді. Өкінішке қарай, КВИ-мен ауырғандар сияқты екпе алғандардың да ағзасының инфекциядан қорғану деңгейі уақыт өте төмендейді, нәтижесінде адам қайтадан инфекция жұқтыруы мүмкін. Сондықтан бастапқы вакцинациясы курсын алғаннан кейін 6 айдан соң КВИ-ге қарсы ревакцинациядан өтуге кеңес береміз»  деп  түйіндеді А.Есмағамбетова.
С уважением,
Галым Ербосынов

Байланыстар

ШЖҚ «№10 қалалық емханасы» МКК

Мекен-жайы:

Email:

РК, г. Шымкент, улица Кахарман 48

emhana10uko@mail.ru

phone icon 1414
Бірыңғай байланыс орталығы
phone icon 39-15-32
Медициналық мекеменің байланыс орталығы