about us icon Баспасөз орталығы

Жаңалықтар

news image

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы “№10 қалалық емхана” мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының байқау кеңесі Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы “№10 қалалық емхана” мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны басшысының бос лауазымына конкурс.

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы “№10 қалалық емхана” мемлекеттік…

19, января 2023

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы “№10 қалалық емхана” мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының байқау кеңесі Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы “№10 қалалық емхана” мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны басшысының бос лауазымына конкурс өткізу туралы хабарлайды.

Конкурс  06.02.2023 жылы, Шымкент қаласы, Қайтпас мөлтек ауданы, Жамауов көшесі 98   мекенжайы бойынша (емхана  ғимаратында) өткізіледі.

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы “№10 қалалық емхана” мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны орналасқан жері: Шымкент қаласы, Қайтпас мөлтек ауданы  Каһарман 48, пошталық мекен-жайы: 160023, телефон:     + 7252/ 49-36-84, электрондық пошталық мекен-жайы: emhana10uko@mail.ru

Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: Денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру. Жоғары білікті, мамандандырылған, амбулаториялық-емханалық, алғашқы медициналық-санитарлық және консультациялық-диагностикалық көмек көрсету.

Кәсіпорын басшысының негізгі лауазымдық міндеттері:

Денсаулық сақтау саласындағы басшы лауазымдардағы еңбек өтілі кемінде 3 жыл. Денсаулық сақтау ұйымының өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне басшылық етеді, қабылданған шешімдер, мүліктің сақталуы мен тиімді пайдаланылуы, сондай-ақ оның қызметінің Қаржы-шаруашылық нәтижелері үшін толық жауап береді. Ұйым қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру тетігін айқындайды. Көрсетілетін диагностикалық, емдік және профилактикалық көмектің тиімділігі мен сапасын одан әрі арттыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, олардың мемлекеттік стандарттарға сәйкестігін арттыруға бағытталған персонал жұмысының жаңа ұйымдық нысандары мен әдістерін енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді. Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді, олардың іс-қимылын көрсетілетін медициналық қызметтерді дамытуға және жетілдіруге бағыттайды. Ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану, өмір мен денсаулық үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру бойынша шаралар қабылдайды. Ұйым қызметін талдау және оның жұмыс көрсеткіштерін бағалау негізінде ұйым жұмысының нысандары мен әдістерін жақсарту бойынша қажетті шаралар қабылдайды. Әлеуметтік әріптестік қағидаттары негізінде ұжымдық шартты әзірлеуді, жасауды және орындауды, еңбек тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді, қызметкерлердің еңбек уәждемесін, бастамасы мен белсенділігін дамытуға ықпал етеді. Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайларды зерттеу және бағалау жөніндегі жұмысты үйлестіреді, адам денсаулығына қолайсыз әсер етудің басым факторларын айқындайды. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту бойынша пәрменді шаралар қабылдайды. Гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың жүргізілуін, санитарлық ережелер мен нормалардың және гигиеналық нормативтердің сақталуын жедел және зертханалық-аспаптық бақылауды және қадағалауды ұйымдастырады. Ұйым қызметінде, оның ішінде қаржы-шаруашылық басқару, шарттық және қаржылық тәртіпті нығайту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мәселелерінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етеді. Қызметкерлерді қабылдауды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасайды, мәмілелер жасайды. Өз құзыретіндегі мәселелер бойынша барлық қызметкерлер үшін міндетті өкімдер мен бұйрықтар шығарады. Мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және сотта ұйымды білдіреді. Медициналық этиканың, ішкі еңбек тәртібінің, аспаптарды, жабдықтар мен механизмдерді техникалық пайдалану талаптарының орындалуын, өрт қауіпсіздігі мен қауіпсіздік техникасының, санитарлық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын қамтамасыз етеді. Ұйымның уақтылы есебін қамтамасыз етеді.

Білуге тиіс:

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының “Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” Кодексі, Қазақстан Республикасының “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы”, “Қазақстан Республикасындағы тіл туралы” заңдары, Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілер, Халық денсаулығы жай-күйінің статистикасы, халықтың денсаулық жағдайын сипаттайтын өлшемдер мен көрсеткіштер, медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасы, отандық және шетелдік медицинаның ғылыми жетістіктері, денсаулық сақтауды ұйымдастырудың және денсаулық сақтауда басқару жүйесінің теориялық негіздері, санитарлық ағартуды, халықты гигиеналық тәрбиелеуді және салауатты өмір салтын насихаттауды ұйымдастыру, адамның өмір сүру ортасының факторлары, Денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлы-экономикалық және қаржылық қызметінің негіздері, қызметкерлерге еңбекақы төлеу жүйесінің негіздері, еңбек заңнамасы, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормалары.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Медицина саласында жоғары білімі, “Қоғамдық денсаулық сақтау”/”денсаулық сақтау менеджменті” мамандығы бойынша жоғары/бірінші біліктілік санатының болуы немесе экономика/қаржы және кредит/құқық/бизнес әкімшілендіру саласында екінші жоғары білімінің болуы немесе “қоғамдық денсаулық сақтау”, “денсаулық сақтау менеджменті”, “Менеджмент” немесе “Медицина” (2011 жылға дейін ғылыми-педагогикалық магистратурада оқуды аяқтаған тұлғалар үшін)/ “Бизнес әкімшілендіру”, “іскерлік әкімшілендіру”, “Экономика және бизнес” мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің болуы”, “Қаржы және кредит” немесе ғылыми дәрежесінің/ PhD докторының болуы;

Денсаулық сақтау саласындағы басшы лауазымдардағы еңбек өтілі кемінде 3 жыл;

немесе экономика/қаржы және кредит/құқық/бизнес әкімшілендіру және “қоғамдық денсаулық сақтау” немесе “денсаулық сақтау менеджменті” мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің болуы”;

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардан құжаттарды қабылдаудың басталу және аяқталу күні:   20.01.2023 ж.   сағат: 09.00 ден,   03 .02.2023 ж 18.00 –ге  дейін.

  1. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады::

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

3) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

4) еңбек кітапшасының (ол болған жағдайда) немесе еңбек шартының көшірмесі, еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардан үзінді не жұмыс өтілін растайтын басқа құжат;

5) “Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы  № ҚР ДСМ-175/2020 ж бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген) 075/е нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;);

6) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің соттылығының жоқтығы туралы анықтамасы.

  1. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар құжаттарды қабылдау аяқталатын күнге дейін хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекен-жайына электрондық түрде және қағаз түрінде конкурс жариялаған кәсіпорынға ұсынады.
  2. Құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын ұсынылады. Оларды ұсынбаған жағдайда, тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
  3. Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан ұсынымдар) ұсына алады.

Байланыстар

ШЖҚ «№10 қалалық емханасы» МКК

Мекен-жайы:

Email:

РК, г. Шымкент, улица Кахарман 48

emhana10uko@mail.ru

phone icon 1414
Бірыңғай байланыс орталығы
phone icon 39-15-32
Медициналық мекеменің байланыс орталығы