ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмекті қаржыландыру тәсілдерін қайта қарауды жоспарлауда
Мемлекет басшысы 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында денсаулық сақтауды толық қаржыландырмау нәтижесінде сақтандырылған азаматтар өздеріне тиесілі медициналық қызметтер көлемін толық ала алмайтынын атап өтті.
Мемлекет басшысының саланы қаржыландыру тәсілдерін қайта қарау жөніндегі тапсырмасы аясында бірқатар іс-шараларды іске асыру көзделуде.
«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне арналған шығыстарды және халықтың 15 жеңілдікті санаты үшін мемлекеттің МӘМС жарналарын қосымша қаржыландыру мәселесін пысықтау қажет. Сондай-ақ қаражатты әкімшілендіруді оңайлату үшін және оларды тиімді пайдалану мақсатында ТМККК және МӘМС пакеттерінің қаржы ағындарын біріктіруді заңнамалық реттеу керек», — деді орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің МӘМС үйлестіру департаментінің директоры Гүлжан Шайхыбекова.
Бұдан басқа, МӘМС жағдайында ерікті медициналық сақтандыруды толыққанды іске қосу үшін медициналық көмектің бағыттары және ерікті медициналық сақтандырумен жабу үшін көрсетілетін қызметтердің тізбелері айқындалатын болады, сондай-ақ шетелдіктерді, атап айтқанда, еңбек мигранттары мен шетелдік студенттерді жүктелген медициналық сақтандыру заңнамалық түрде бекітіліп, іске асырылатын болады.
«Сақтандырылмаған халықты МӘМС жүйесімен қамтуды кеңейту үшін 2022 жылғы 5 қыркүйектен бастап МӘМС туралы Заңға 12 ай бұрын МӘМС жарналарын төлеу және өткен айлардағы берешектерді жою арқылы дербес төлеушілер жүйесіне кірудің балама тетігін ұсынатын түзетулер күшіне енді. Қазіргі уақытта белсенді түсіндіру жұмыстары жүргізілуде», — деп атап өтті Гүлжан Шайхыбекова.
Бұл ретте әкімдіктерге жыл соңына дейін қамтылуға тиіс адамдардың болжамды саны кемінде 300 мың адамды құрады.
«Сондай-ақ, мемлекеттік органдар платформалық жұмыспен қамтуды ресмилендіру бойынша іс-шаралар жүргізуде, бұл МӘМС жүйесіне 500 мың адамды тартуға мүмкіндік береді», — деп Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі сөзін қорытындылады.
Топик 2
Ағымдағы жылдың 7 айында МӘМС шамамен 95 млн медициналық қызметті қаржыландырды
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Басқарма төрағасы Айдын Ашуев орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде «МӘМС іске асыру барысы және «Мемлекет басшысының медициналық сақтандыру жүйесін жақсарту жоспарлары туралы» МӘМС жүйесін іске асырудағы нәтижелерімен бөлісті.
Қор басшысы атап өткендей, қазір МӘМС қаражаты есебінен адамдар бұрын тек ақылы түрде қолжетімді болатын медициналық қызметтерді ала алады. 2022 жылдың 7 айында салалық мамандардың 95 млн кеңесі мен диагностикалық тексерулер, соның ішінде қымбат тексерулер – КТ, МРТ, ПЭТ көрсетілді.
«3 жыл бұрын мұндай қымбат диагностика азаматтардың жекелеген санаттарына ғана тегін көрсетілді және оны ұсынатын медициналық ұйымдар санаулы болды. Жеке меншік клиникалар заманауи жабдықтарға, сервистік бөлікке инвестициялар сала отырып, медициналық қызметтер тізбесін белсенді түрде кеңейтуде», – деді Айдын Ашуев.
Қор басшысы айтқандай, биыл жоғары технологиялық көмек көлемі бір жарым есеге өсті. Осы жылдың 7 айында 12,6 мыңға жуық қымбат операциялар жасалды.
««Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша Қор 7 айда 7 мың ЭКО процедураның 4 мыңға жуық репродуктивті қызметін қаржыландырды. ЭКО бағдарламасына денсаулығына және процедураның қымбаттығына байланысты ана мен әке бақытына қол жеткізе алмайтын отбасылар жүгінеді», — деді спикер.
«Осылайша, МӘМС жүйесі медициналық қызметтердің кең тізбегін алуға барынша қолайлы жағдайлар жасайды. Енді медициналық көмекті тікелей ұйымдастыру, клиникалар ішіндегі табысты менеджмент, пациенттерді дұрыс бағыттау сынды сұрақтар бірінші орынға шығады», — деп атап өтті МӘМС басшысы.
Топик 3
ӘМСҚ басшысы Айдын Ашуев халықты МӘМС жүйесіне тарту шаралары туралы айтып берді
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Басқарма төрағасы Айдын Ашуев орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде халықты МӘМС жүйесіне тарту жөніндегі ведомствоаралық жұмыстың маңыздылығын атап өтті.
Айдын Ашуевтің айтуынша, халықты МӘМС жүйесімен қамту мәселесі өзекті болып табылады. Қазақстанда медициналық сақтандыру 2020 жылдан бастап жұмыс істеп, МӘМС-ке төлемдер барлығы үшін міндетті болып табылатынына қарамастан, шамамен 3,2 млн адам әлі күнге дейін сақтандырылмаған күйінде қалып отыр.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша МӘМС жүйесіне кірмеген адамдарды сақтандыру үшін шаралар қабылданды. Осыған байланысты осы жылдың шілде айында МӘМС жүйесіне қатысудың баламалы тәсілін көздейтін «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңға өзгерістер енгізілді», — деді Айдын Ашуев.
Бұрын сақтандыру мәртебесін алу үшін өткен 12 ай үшін жарна төлеу қажет болды және осы кезеңде төлемдер жасалмаса, берешек пайда болатын. Енді алдағы 12 ай үшін жарналарды төлеп, сақтандыру мәртебесін алуға болады. Бұл Медициналық сақтандыру есебінен жыл бойы медициналық көмекке қол жеткізуге мүмкіндік береді. Жаңа механизм 5 қыркүйектен бастап іске қосылды. Сақтандырылмаған азаматтардың 30%-дан астамы осы әдісті қолданады деп топшыланып отыр.
«Алайда, бұл халықты МӘМС жүйесіне тарту үшін ведомствоаралық жұмыстың маңыздылығын атап өту қажет. Ол жергілікті атқарушы органдармен, Мемлекеттік аумақтық бөлімшелерімен және Ішкі істер министрлігімен, медициналық ұйымдармен бірлесіп өткізілуі керек», — деп атап өтті Қордың басқарма төрағасы.
«Бүгінгі алаңды пайдалана отырып, Медициналық сақтандыру жүйесінен тыс қалғандарды оған қатысушы болуға шақырамын. Сақтандырылған азаматтарға медициналық қызметтердің көлемі мен құны шектелмейді. Мысалы, Медициналық сақтандыруға жылына 36 мың теңге шегінде ең төменгі аударымдарды төлейтін дербес төлеушілер медициналық көмектің кең спектріне қол жеткізе алады», — деді Қор басшысы.
Топик 4
2022 жылдың жеті айында Қорға
460 мың өтініш келіп түсті – А.Ашуев
Брифинг барысында атап өтілгендей, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры халыққа медициналық көмекті сатып алу және төлеу, көрсетілген медициналық көмектің сапасын сараптау және пациенттердің құқықтарын қорғау бойынша стратегиялық міндеттерді іске асырады. Бұл ретте Қор барлық коммуникация арналары бойынша халықпен кері байланысқа ерекше көңіл бөледі.
«Жеті айда Бірыңғай медициналық ақпараттық call-орталыққа 460 мың өтініш келіп түсті. Өтініштердің 93%-ы – кеңес беру сипатындағы мәселелер», — деп атап өтті Айдын Ашуев.
1406 call-орталығы халық үшін ең қажетті байланыс арнасы болып қала береді. Qoldau 24/7″ мобильді қосымшасы танымалдылығы бойынша » екінші орында тұр. Сондай-ақ Қордың fms.kz ресми сайты және Телеграмдағы Сақтандыру-бот сервистері ыңғайлы болып табылады.
«Өтініштердің құрылымы медициналық көмектің сапасына және денсаулық сақтаудың басқа да мәселелеріне қанағаттанбаудың барлық жағдайлары бойынша азаматтар шұғыл шаралар қабылдау үшін біздің қорға шағым жолдайтынын көрсетеді. Бізге 7 айдың ішінде 13 мыңнан астам шағым түсті (өтініштердің жалпы санының 3%)», — деп спикер мәліметтермен бөлісті.
Оның айтуынша, ең жиі кездесетіні — медицина қызметкерлеріне емхана деңгейінде медициналық көмек көрсетпеу туралы шағымдар. Медицина қызметкерінің емхана деңгейінде медициналық көмек көрсетпеуі – 26%, сапасыз медициналық көмек көрсету – 23%, КДҚ (Оның ішінде профильдік дәрігерлердің кеңесі, КТ, МРТ және т.б.) ұзақ уақыт күту — 8,4%.
«Біз азаматтардың өтініштері, әлеуметтік желілердегі жарияланымдары бойынша пациенттердің салалық маманның қабылдауына кіре алмайтынын айтқан шағымдарын жиі көреміз. Себептері де алуан түрлі: дәрігер демалыста немесе жұмыстан шығып кетті, ал жаңасын клиника әлі қабылдамаған; дәрігер пациенттердің барлығын қабылдап үлгермейді, ал клиника басшылығы екінші маманды алуға құлықсыз. Бұның нәтижесінде пациенттің кеңестік-диагностикалық қызметті күту ұзақтығына қатысты құқықтары бұзылады. Бұл жағдайда клиника пациентті бірлесіп орындаушы ретінде басқа медициналық ұйымға, егер онымен келісім болмаса да, жіберуі керек. Шарт жолдаманы толтыру кезінде автоматты түрде жасалады», — деді Айдын Ашуев.
Call-орталықта азаматтардың өтініштерін өңдеудің үш деңгейлі моделі қарастырылған СRМ (Customer Relationship Management — клиенттермен қарым-қатынасты басқару жүйесі) жүйесі жұмыс істейтінін атап өткім келеді. Бірінші, яғни консультациялық деңгейде өтініштердің 90%-дан астамы жабылады. Екінші деңгейде медициналық ұйымдардың өздері шешуді талап ететін шағымдар қарастырылады. Үшінші деңгейде өтініш беру себептеріне талдау және медициналық ұйымдары берген жауаптарының сапасына бақылау жүргізіледі.
Егжей-тегжейлі қарауды талап ететін шағымдар бойынша Қор мамандары экономикалық ықпал ету шараларын қолдана отырып, жоспардан тыс мониторинг жүргізуге шешім қабылдайды. Жоспардан тыс мониторинг аясында 2022 жылдың 6 айында елімізде 28 млн теңгеге 928 кемшілік анықталды. Медициналық ұйымдар тарапынан Шарт талаптарын бұзғаны үшін 61 жағдайда тұрақсыздық айыбы қолданылды, қайтару сомасы 25,1 млн теңгені құрады.
Топик 5
Мониторинг жүргізу кезінде Қор сарапшыларымен 882,6 мыңнан астам кемшілік анықталды – Айдын Ашуев
Брифинг барысында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басшысы атап өткендей, ұйымдарға көрсетілген медициналық қызметтер үшін ақы төлеу медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізілгеннен кейін ғана жүргізіледі. Ағымдағы жылдың 7 айының қорытындысы бойынша Қор медициналық ұйымдарға қатысты 11,8 млрд теңге сомасына 882,6 мыңнан астам кемшілікті анықтады.
Бүгінде медициналық көмектің сапасын қамтамасыз ету үшін ағымдағы, мақсатты, жоспардан тыс, проактивті түрлері бойынша мониторинг жүргізілуде.
«Кемшіліктердің басым бөлігі кеңестік-диагностикалық қызмет көрсететін мекемелерде анықталды. Көбінесе төлемге қызметтердің негізсіз жоғары саны ұсынылды. Мысалы, 1 қызмет көрсетілсе, 3 қызметті төлеуге ұсынды», — деп мысал келтірді Қор басшысы.
Оның ішінде Қор сарапшыларымен жалпы сомасы 214,2 млн теңгеге медициналық қызмет көрсетудің 28,6 мың расталмаған жағдайы (яғни «қосып жазу») анықталды (соның 99%-ы кеңестік диагностикалық қызмет көрсету кезінде кездеседі).
Бұдан бөлек, Қор проактивті мониторинг енгізді және оны 2 жыл бойы жүргізіп келеді. Онда анықталған бұзушылықтарға айыппұл санкциялары қолданылмайды, оларды 45 күн ішінде жоюға мүмкіндік беріледі. Осы мерзім өткеннен кейін жойылмаған кемшіліктер бойынша сомалар төлемнен алынады. 2021 жылдың қорытындысы бойынша медициналық ұйымдар осы мүмкіндікті пайдаланып, анықталған 7 млрд теңгенің 5,3 млрд теңге сомасына бұзушылықтар жойылды.
Топик 6
Айдын Ашуев ӘМСҚ медициналық көмектің сапасын қалай ынталандыратынын айтып берді
Қор басшысы орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде МӘМС жүйесі жұмыстарын жетілдіру бойынша жоспарларын айтты. Қор жүйенің басқа қатысушыларымен – уәкілетті орган Денсаулық сақтау министрлігімен, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігімен, сондай-ақ өңірлік денсаулық сақтау басқармаларымен және тікелей медициналық ұйымдармен бірлесіп, медициналық сақтандыру жүйесіндегі проблемаларды шешудің жаңа тұжырымдамалық тәсілдерін әзірлеуде.
Айдын Ашуев атап өткендей, процестердің ашықтығын қамтамасыз ету үшін Қор деперсонализацияланған айқаспалы және толассыз мониторинг жүргізуді көздейтін ақпараттық жүйені әзірледі және сынақтан өткізуде.
Бұл, алдымен, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жояды. Екіншіден, сарапшыға медициналық көмек алатын пациенттің бағытын көруге мүмкіндік береді (учаскелік дәрігердің қабылдауынан бастап, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және оңалтуға дейін)», — деп Қор басшысы әзірленген ақпараттық жүйенің маңыздылығын түсіндірді.
Сондай-ақ, Айдын Ашуев Қордың медициналық қызметті алу фактісін растау үшін жеке верификация тетігін енгізуге ниетті екенін айтып берді.
«Ары қарай дәл осындай механизм медициналық көмектің сапасын бағалау үшін де қолданылады. Осылайша, адамдар қандай қызметтерді алғандарын және қандай мөлшерде алғанын көретін болады, ал Қор көрсетілген медициналық қызметтер үшін ақы төлеу кезінде осыны ескеретін болады», — деп спикер жоспарларымен бөлісті.
Сондай-ақ, Қор басшысы пациенттерді қолдау қызметтерінің жұмысы бойынша сұрақтарды атап өтті.
«Азаматтардан шағым түскен кезде, олардың көпшілігін медициналық ұйымдарда пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметтері деңгейінде, осы бөлімшелерде жүйелі жұмыс болған кезде шешуге болатындығын байқаймыз. Осыны ескере отырып, медициналық ұйымдармен бірлесіп ішкі аудит және пациенттерді қолдау қызметтерінің жұмысына жүйелі тәсілдер пысықталуда», — деп айтты А.Ашуев.
Медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасына тікелей әсер ететін жалпы проблемаларды шешу үшін медициналық ұйымдардағы менеджмент деңгейін арттыруға, жергілікті атқарушы органдардың материалдық-техникалық базаны, медицина кадрларын жаңартуға қосымша қаражат тартуына жүйелі тәсілдер қажет.
«Бұл ретте, пациентке бағдарланған денсаулық сақтау жүйесін дамыту үшін Қор көрсетілетін медициналық қызметтерді қаржыландыру бөлігінде сапаны, қолжетімділікті арттыруды ынталандыратын және ұзақ мерзімді инвестицияларды қолдау тетіктерін енгізуді жоспарлап отыр», — деп сөзін қорытындылады Қор басшысы.